30 наурыз 2016 | 17:35

Назарбаева мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға тыйым салу жөнінде пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға салынған тыйымның басшылардан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін қатысы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға салынған тыйымның басшылардан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін қатысы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Назарбаева журналистерге смартфон пайдалануға тыйым салынбағанын ерекше атап өтті.

"Бұл бұйрық мемлекеттік аппараттар мен мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған. Сондықтан да, әкімдіктердің журналистерге смартфон пайдалануға тыйым салуы бұйрыққа сәйкес келмейді. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңды жақсылап оқып шығу керек", - деді ол.

"Қызметтік ақпаратқа, мемлекеттік құпия ақпараттарға қол жеткізе алатын барлық мемплекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салынды. Оның жазасы қандай болатынын нақты айта алмаймын", - деді Назарбаева. Ол толығырақ мәліметті жазбаша түрде жолдауға уәде берді.

Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов болса заңнамада мемлекеттік органдардың ғимаратында смартфон қолданғандардың қандай жазаға тартылатыны жөнінде қарастырылмағанын мәлімдеді. "Қазіргі заңнамада смартфон қолданғандарға нақты қандай жазаның қолданылатыны қарастырылмаған. Сондықтан да, мұндай заңбұзушылыққа барғандар тәртіптік жазаға тартылады", - деді Донақов.

Өз кезегінде ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Бекетаев жергілікті полиция өкілдеріне смартфон пайдалануға тыйым салынбағанын айтты. "Жергілікті полицейлерде WhatsApp-хабарлама қабылдауға мүмкіндік болады. Заңның тек мемлекеттік құпияларға қолы жетімді қызметкерлерге қатысы бар. Ал учаскелік полицейлер өз аудандарында жұмыс істей беру керек", - деді Бекетаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer