31 наурыз 2016 | 14:43

Астана мен Алматыда баспана арзандап жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда наурыз айында жылжымайтын мүліктің орташа бағасы рекордты көрсеткішке дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Крыша" сайтына сілтеме жасап. Сарапшылардың мәліметінше, бағаның төмендеу қарқыны 2-3 есеге артқан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда наурыз айында жылжымайтын мүліктің орташа бағасы рекордты көрсеткішке дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Крыша" сайтына сілтеме жасап. Сарапшылардың мәліметінше, бағаның төмендеу қарқыны 2-3 есеге артқан.

Ақпан айында Астанада баспананың әр шаршы метрінің орташа бағасы 398 мың теңге болды, ал қазір 372 мың теңге деңгейінде.

"Айтарлықтай өзгеріс Алматыда да байқалды, мұндағы орташа баға наурызда 9,5 пайызға төмендеді. Ақпанда әр шаршы метрі 446 мың теңгеге бағаланған үйлер наурызда 403,5 мың теңгеге дейін төмендеді. Айырмашылық 42 202 теңге", - делінген баспана нарығының зерттеу нәтижелерінде.

Жылжымайтын мүліктің доллар эквиваленті бойынша да бағасы тарихи минимумға жетті - Астанада әр шаршы метр 1110 доллар, ал Алматыда 1171. Осылайша, елордада 2,8 пайызға төмендеу (-31 доллар), ал Алматыда 6 пайызға дейін (-73 доллар) төмендеу болды. Айта кетейік, бұл өзгерістер теңгенің 3-4 пайызға нығаюы кезінде болды.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, баспана нарығы кризиске дейінгі тепе-теңдікке жетті деп айтуға әлі ерте. Тамыз айындағы деңгейге жету үшін Алматыда теңгемен бағалану 27 пайызға, ал Астанада 19 пайызға жетуі тиіс. Олардың ойынша, ол жақын арада бола қоймайды. "Баспана бағасының қазіргі төмендеу динамикасын ескеретін болсақ, баспана бағасының 350 мың теңгеге дейін төмендеуі 2016 жылдың ІІ тоқсанында жүзеге асуы ықтимал", - делінген "Крыша" басылымындағы сарапшылардың материалдарында.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer