01 сәуір 2016 | 12:39

Уэйдтен кейін Сондерс немесе "Канело" - Головкин

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© moniteur.ru © moniteur.ru

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжрымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин қарсыласы Доминик Уэйд жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жөнінде қазақстандық боксшы UCNLive арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжрымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин қарсыласы Доминик Уэйд жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жөнінде қазақстандық боксшы UCNLive арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сұхбат барысында Геннадий Головкинге Доминик Уэйд жайлы не білесіз деген сұрақ қойылды. Боксшының бұл сұраққа берген жауабы мынадай:

"Мен ол жөнінде көп нәрсе білмеймін. Қазіргі таңда - бұл мен үшін өте маңызды жекпе-жек. Мен үшін қазір кез келген жекпе-жек маңызды. Доминик - жақсы қарсылас. Айтайын, онымен өткізетін жекпе-жек менің мәнсабымдағы ең жеңілі болмайды. Бірақ мен бәріне дайынмын. Қазір менің бар ойым Уэйдте. Бірақ кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын".

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчестің Уэйд жайлы ойы қандай және ол оған қандай сипаттама беріп отыр деген сұраққа боксшы бапкерінің оны аса еңбекқор деп есептемейтінін айтты.

"Ол оны аса ынталы еңбекқор емес дейді. Сонымен қатар, ол былай деді: "Доминик Уэйд - қарапайым қарсылас емес. Ол саған ұқсайды, бірақ осыдан бес жыл бұрынғы сен сияқты. Тура сенің жағдайыңда жүр. Доминик жас, Доминиктің жеңіске қарны аш. Ол сенімен жұдырықтасудың - жақсы ақша табуға жақсы мүмкіндік екенін түсінеді. Ол үшін - бұл өзін көрсетуге керемет мүмкіндік деді", - деп жауап берді Головкин.

Сонымен қатар, боксшы Уэйдпен жекпе-жегін өткізгеннен кейін немен айналысатынын айтып берді.

"Біріншіден Альварес-Хан кездесуінің нәтижесін күтемін. Осыдан кейін оның екі апта ғана уақыты болады, ол кезде WBC нақты шешім қабылдайды. Қалай дегенмен, менде келесі жекпе-жектер бойынша жоспар бар. Мен үшін жылына үш-төрт жекпе-жек қолайлы", - деді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, сұхбат барысында Головкин алдағы уақытта мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен немесе ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқысы келетінін де айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Еске сала кетейік, Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегі 24 сәуірде (Қазақстан уақыты бойынша) Лос-Анджелесте өтеді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer