01 сәуір 2016 | 15:30

Алматыда дәрігерді ұрып-соққан адам сотта өз кінәсін мойындамай отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматының Наурызбай аудандық сотында жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсембаевті ұрып-соғу ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы - 39 жастағы Рифхат Базикенов. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, бірақ жедел жәрдем дәрігерінің басына бетонмен қасақана соққы жасамағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол өзінің оқиға сәтінде мас болмағанын айтып отыр. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Наурызбай аудандық сотында жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсембаевті ұрып-соғу ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушы - 39 жастағы Рифхат Базикенов. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, бірақ жедел жәрдем дәрігерінің басына бетонмен қасақана соққы жасамағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол өзінің оқиға сәтінде мас болмағанын айтып отыр. 

"Менің әйелімнің жағдайы жақсарып, біз үйде қалуды жөн көрдік. Біз ауруханаға жатудан бас тартатынымызды айттық. Бірақ дәрігер оны міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек деді, сосын ерегесіп қалдық. Сол уақытта мен дәрігерлерге ешқандай да ашу көрсетпедім. Бірақ біз әйелімнің сіңлісімен дауласып қалдық. Осы сәтте дәрігерлер көңілдері толмай, Наркескен Сейсембаев күртесін шешіп "Не керек саған? Сен кімсің өзі?" деді. Мен күйеуі екенімді, сондықтан құқығымның барын, қолхат жазып беретінімізді айттым. Төбелесуді қаламайтынымды айттым", - деді сотталушы. 

Базикенов жанжалды бірінші болып дәрігерлердің шығарғанын, ал өзінің тек қорғанғанын айтты. "Нұрбаев мені жедел жәрдем көлігінен тартып шығарғысы келді, шығуыма тура келді. Осы сәтте есік қатты жабылып, қолымды қысып қалды. Осыдан кейін мен қатты ашуландым. Бұдан кейін үшеуміз көліктің артына қарай бардық. Сосын мұрныма соққы жасады, басым айналып кетті, отырып қалдым, мұрнымнан қан кетіп, көзім жасаурады, есімді жоғалтып ала жаздадым. Осы кезде дәрігерлер қасымда тұрды - Сейсембаев, Тілеубаев және Нұрбаев. Бір қолыммен мұрнымды жауып, олардың маған жақындамауын айтып, айғайладым. Ештеңе көрмедім, сол қолыммен тас іздей бастадым, себебі қорғануым керек болды. Олар бесеу болды. Олар жақындап келгенде мен тасты алып, лақтырып қалдым, бірақ қайда лақтырғанымды да білмедім, себебі көзім жасаурап тұрды. Осыдан кейін Наркескеннің құлап, қозғалыссыз жатқанын көрдім", - деп баяндады Рифхат Базикенов.

Ауыр жарақат алған дәрігер Наркескен Сейсембаев та сотта жауап берді. Оның айтуынша, ол оқиғаның мән-жайын еске түсіре алмаған, себебі басынан алған соққыдан бәрін ұмытқан. "Бізге түнгі 02.50-де хабар түсті. Бізді - желі бригадасын фельдьшерлер бригадасы шақырды, себебі оларға электркардиограмма қажет болды, себебі науқас әйелдің жүрек тұсы ауырды, жүрек талмасына ұшырады деген күдік болды. Диспетчерден шығып, көлікке отырғанымды білемін, ары қарай ештеңе білмеймін. Мен 18 желтоқсанда жансақтау бөлімінде ояндым. Сотталушыны да білмеймін, тек оның суретін көрдім", - деді Сейсембаев.


Наркескен Сейсембаев.  © Tengrinews.kz

Бірақ Сейсембаев егер сотталушы оның денсаулығын толықтай қалпына келуге мүмкіндік жасаса, кешірім беретінін айтты. Оның айтуынша, ол басына ауыр жарақат алған және төрт рет ота жасатқан, әлі де ем керек екен.

Сотталушы Базикенов сот процессін БАҚ өкілдерінсіз өткізуді сұрап, өтініш айтты. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Оқиғаның ресми мән-жайын мемлекеттік айыптаушы оқып берді. "Базикенов науқас Жақыпованы үйіне алып кеткісі келді, бірақ оған жедел жәрдем дәрігерлері науқасты ауруханаға жеткізу керек деп, қарсы болды. Осы уақытта Базикенов ашулана бастап, олардың арасында ерегес туындады. Осы сәтте Базикенов өз кәсіби міндетін атқарп жатқан дәрігерге ауыр жарақат салу жайлы қылмыстық ниет ойлады. Базикенов санитар Нұрбаевты ұрды, бұл сәтте жанында тұрған қызметкер Базикеновты ұстап тұрған. Кейін Базикенов жолдағы бетон тасын алып, қандай зақымның келетінін біле отырып, күш қолданып, дәрігердің басына лақтырған, салдарынан дәрігер кенеттен соққы алып, құлап, есін жоғалтқан", - деп оқыды айыптау актісін прокурор Ерзат Нұрхасенов.

Еске салайық, дәрігерлерге шабуыл 2015 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласында болды. Осыған дейін мас ер адамның дәрігерге соққыны таспен  жасағаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer