"Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға дейінгі рейсі 10 сағатқа кешіктірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға дейінгі рейсі 10 сағатқа кешіктірілді Ұшақ мәжбүрлі түрде қонған Атырау әуежайы. © kstnews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы - Ақтау рейсі 10 сағатқа кешіктіріліп жатыр - ұшақ мәжбүрлі түрде Атырауға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы-Ақтау-Алматы 859/860 рейсі Ақтауға 1 сәуір күні сағат 21.30-да қонуы тиіс болған. Алайда қалың тұманның кесірінен экипаж ұшақты Атыраудағы аэродромға қондыру жөнінде шешім қабылдады.

"Бастапқыда Алматы-Ақтау-Алматы рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілді, кейін экипаждың жұмыс уақыты аяқталды. Қазір Атырауға Астанадан жаңа экипаж ұшып шықты", - деді "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметінің басшысы Белла Тормышева.

Ақтау әуежайының анықтама қызметіндегілердің хабарлауынша, бұл рейс бүгін, 2 сәуір күні сағат 11.30-да ұшып келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтауға ұшу үшін 149 жолаушы күтіп отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +34
Ақтау +37
Ақтөбе +30
Атырау +29
Б
Балқаш +39
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +32
П
Павлодар +27
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +29
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер