03 сәуір 2016 | 22:36

Семейлік екі оқушы қыз әйгілі кутюрьенің супермодельер титулын иеленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© intermoda.ru © intermoda.ru

Семейлік екі оқушы қыз француздың әйгілі кутюрьесі Пьер Карденнің супермодельер титулын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Семейлік екі оқушы қыз француздың әйгілі кутюрьесі Пьер Карденнің супермодельер титулын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20-25 наурыз аралығында Мәскеуде сән апталығы өтті, оны Пьер Карденнің Ресейде тұңғыш құрылған коллекциясы ашты. Семейлік қыздар Диана Бақтиярқызы (16 жаста) мен Динара Баймұратова (15 жаста) Қазақстанның атынан шықты. Модельердің коллекциясының көрсетіліміне қатысу үшін олар өзге елдерден 200 ару қатысқан іріктеуден өткен. Нәтижесінде олар көрсетілімге жолдама алған 20 қыздың қатарына кіреді. Көрсетілім Ресейдің Қызыл алаңындағы бас подиумы саналатын "Гостиный двор" сән үйінде өтті. Іс-шараны Fashion House International корпорациясы ұйымдастырды.

"Іріктеу кезеңінде біздің қыздар 123 және 124 деген номерлермен қатысты. Айта кетерлігі, іріктеу кезеңінде қазылар алқасы бойдың 175-тен төмен болмауы немесе дене сымбатының 90-60-90 шартына сай болуы сияқты талаптармен қатар, қыздардың ерекше сұлулықтарын да есепке алды. Қазылар үшін табиғи сұлулық маңызды болды. Қорытындысында 20 ару таңдалып, олар түрлі образдарда болды", - деді Семейдің "Іңкәр сезім" сән агенттігінің директоры Айна Тонысова.

Аңызға айналған француз кутурьесінің көрсетіліменен кейін үш модель Пьер Карденнің супермодельдері титулына ие болды. Олардың ішінде - екеуі семейлік қыздар. Қыздарға дипломды модельердің ізбасары мен оның немере інісі Родриго Базиликати тапсырды. 

"Бұл титул - модельдер үшін басты марапат, титул қандай да бір ақшалай немесе құнды сыйлықтардан қымбат. Біз осындай конкурстарға осы мақсатта қатысамыз. Себебі бұл титулдар қыздардың алдынан халықаралық маңызы бар көрсетілімдерге есік ашады", - дейді Тонысова. 

Ендігіде қыздар Парижде өтетін сәні апталығына қатысуға дайындалып жатыр. 


© intermoda.ru

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer