04 сәуір 2016 | 11:57

Илья Ильин Ермегияевтің сотына келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©  tengrinews © tengrinews

Олимпиада чемпионы Илья Ильин Талғат Ермегияевті қолдау үшін сот отырысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы Илья Ильин Талғат Ермегияевті қолдау үшін сот отырысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.

"Шынымды айтсам, бұл жайлы бірінші рет естігенде, көңілім түсіп кетті. Талғат Ермегияевті жақсы басшы ретінде білемін. 2012 жылы біз бірге жақсы жұмыс істеген едік, елімізге олимпиаданың екі дүркін чемпионын әкелген едік. Іс бойынша ештеңе айта алмаймын. Бірақ оны жақсы адам деп білемін, хабарластық, дос болдық деуге де болады. Мұндай басшылар аз", - деді Ильин отырыстың үзілісінде.

"(...) Сондықтан көңілім түсіп жүр. Оның тек жақсылығын білемін. Оған Лондонда тапсырылған іс керемет орындалды. Мұны барлығымыз білеміз. Қазақстан құрамасы 15 медаль алды. Міне, осыны айта аламын", - деді Ильин.  

Ол осы іс бойынша күдікті болып отырған Сергей Ильин деген азаматтың туысы емес екенін де айтты. 

"Мен Талғат Ермегияев жайлы айтуға келдім. Жақсы адамды қолдауға келдім. Жаным қалап келдім. Енді не боларын білмеймін. Мұны сот шешеді", - деді ол.

18 наурызда Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы басталған еді. Бұл істе 23 адам күдікке ілініп отыр. Олар істің 500 томымен танысып шығуы керек. 

Еске сала кетейік, 11 маусымда Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын. Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. "Астананың №2 Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновке қатысты Астана прокуратурасымен келісілген және сотқа дейінгі тергеу органының таңдаған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта Үсенов "ЭКСПО-2017" кеңесшісі қызметінде. Үсеновке бюджеттен 214 000 000 теңгені жымқырды және аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келді", - делінген Жоғарғы сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer