06 сәуір 2016 | 18:39

Ермегияев ісі: Куәгер "Астана ЭКСПО" компаниясынан жұмыстан шығару жөнінде қоқан-лоқы көрсетілгенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ермегияевтің ісі бойынша куәгер "Астана ЭКСПО" компаниясынан жұмыстан шығарып жіберу жөнінде қоқан-лоқы көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша куәгерлерден жауап алу басталды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ермегияевтің ісі бойынша куәгер "Астана ЭКСПО" компаниясынан жұмыстан шығарып жіберу жөнінде қоқан-лоқы көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша куәгерлерден жауап алу басталды.

Бүгін сотта 2014 жылдың сәуірінде "Астана ЭКСПО" компаниясында тендер бойынша комиссияның хатшысы болған Эльмира Садықова куәлік етті. Сотта ол Астананың сол жағалауындағы халықаралық көрменің территориясына қоршау тұрғызу бойынша тендердің өткізілуіне қатысты толығырақ мәлімет айтып берді.

"Бұл тендер 2014 жылдың сәуірінде өткізілді. Тендерге қатысуға Southfork ltd және GMT Engineering Ltd жауапкершілігі шектеулі серіктестерінен өтініш берілді. Тендер өткізілетін күні сауда-саттық жөніндегі әкімшілік департаменттің бас менеджері Полатбеков Бекжан тендерге қатысатын Southfork ltd компаниясының жеңіске жетуі керек екенін, себебі оның Ермегияевке тиесілі екенін айтты. Ал мен оған қарсылық білдіріп, жауабы тендер нәтижесі бойынша белгілі болатынын жеткіздім. Дегенмен Полатбеков барлығының шешіліп қойғанын, егер мен оған келіспесем, жұмыстан қуылатынымды айтты. Сосын конверттерді ашу рәсімі өтті", - деді Садықова ол кезде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясында тендерлік комиссияның хатшысы қызметінде болғанын айта отырып. Қазіргі уақытта әйел бұл компанияда жұмыс істемейді.

Адвокаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Садықова тендерге қатысушы компаниялардың біріне баға бойынша ұсынысты өзгертіп жеткізуге мәжбүр болғанын айтты.

"Себебі маған: "Өтініш жазып, кете беріңіз", - деді. Менің несиелерім болды. Маған оны кім төлеп береді?", - деп қосты Эльмира Садықова.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer