07 сәуір 2016 | 11:42

Қазақстанда автомектепте оқымай-ақ жүргізу куәлігін қашан алуға болатыны анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Жүргізу куәлігін автомектептегі дайындықсыз беру туралы норманың қашан енгізілетінін ІІМ өкілдері түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жүргізу куәлігін автомектептегі дайындықсыз беру туралы норманың қашан енгізілетінін ІІМ өкілдері түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ӘПК төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңісбаев бұл норманың Әділет министрлігінде норматив құқықтық актісінің мемлекеттік тіркеуінен кейін және оның жариялануынан кейін енгізілетінін хабарлады. 

"Бұйрық қазіргі уақытта мақұлдау кезеңінде, ол Әділет министрлігінде норматив құқықтық актісінің мемлекеттік тіркеуінен кейін және оның жариялануынан кейін енгізіледі. (...) Бұл норма сәуір айының соңына дейін енгізіледі деп күтіп отырмыз", - деп хабарлады Әлібек Кеңісбаев ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің "ХҚКО" РМК-мен бірлесіп, БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында. Кеңісбаевтің айтуынша, бұл норма емтихан тапсыру процедурасын оңайландыру және республика азаматтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған.

Тілшілерге баспасөз турын өткізу барысында арнайы ХҚКО өкілдері емтихан тапсыру мен жүргізуші куәлігін алу (A, B категориялары) процедурасының қалай өтетінін көрсетті. А, Б категориясындағы куәлікті алу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі - теория, мұнда үміткер 40 сұраққа жауап береді. Бұл үшін оған 40 минут уақыт беріледі. "Сұрақтар жол қозғалысы ережесін ғана емес, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін де қамтиды. Теориялық тестілеуге келсек, егер үміткер 32 дұрыс жауап берсе, онда ол емтиханнан өткен болып саналады. Бұдан кейін ол практикалық емтиханға рұқсат алады", - деп түсіндірді ҚР ІІМ ӘПК төрағасының бірінші орынбасары. 

Үміткердің куәлік алуға үш мүмкіндігі болады. Егер барлығы сәтсіз болса, ол келесі емтиханға жарты жылдан кейін ғана кіре алады. Арнайы ХҚКО өкілдері жүргізу куәлігінің мемлекеттік салығының 2651 теңгені құрайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer