07 сәуір 2016 | 19:20

Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың тергеу изоляторындағы жағдайын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақжаркын Тұрлыбай. © vk.com Ақжаркын Тұрлыбай. © vk.com

ҚХР-да өмір бойына бас бостандығынан айырылған 22 жастағы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы араға екі жыл салып, қызымен кездесті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Зухра Сейтімованың өзі хабарлады. Оның айтуынша, ол сот залында бес минуттай қызымен сөйлесе алған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚХР-да өмір бойына бас бостандығынан айырылған 22 жастағы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы араға екі жыл салып, қызымен кездесті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Зухра Сейтімованың өзі хабарлады. Оның айтуынша, ол сот залында бес минуттай қызымен сөйлесе алған.

"Мен бүгін Ақжарқынмен көрістім. Бізге сот залында әңгімелесуге бес минут берілді. Ол жағдайына шағымданып жатқан жоқ. Алты ай сайын дәрігерге қаралады екен, күніне үш рет тамақтандырады екен. Бізді сағыныпты, күн сайын түсіне кіреді екенбіз. Жанұямызбен түскен суретімізді бердім. Көзілдірік сұрады, көру қабілеті нашарлап кетіпті. Жылады", - деді Зухра Сейтімова.

Сонымен қатар, анасының айтуынша, Ақжарқын есірткі контрабандасына қатысы жоқ екенін айтыпты. "Мұны ол сотта да қайталап айтты, жүгінде есірткінің барын білмеген. Соттағылар мұны түсініп отырған сияқты", - деді ол. Айтуынша, қызы сот тыңдауы кезінде қытай тілінде сөйлеген. "Қазақстанның СІМ қызметкерлері оған жиі барып тұрады. Ол біздің қолдауымызды сезінеді, өз-өзіне сенеді, барлығы жақсы болады дейді", - деді Зухра Сейтімова.

Ал Ақжарқын Тұрлыбай қамалған тергеу изоляторында туыстарымен көрісуге тыйым салынған.


Суретті Сұңқар Нұрмағамбетов жолдады

Айта кетейік, бүгін Гуанжоуда ҚХР-дың Гуандон сотының апелляциялық инстанциясының сот отырысы болып өтті. Қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовтың айтуынша, сот 4 сағатқа созылған. Процесске қорғаушылар, сотталушының туыстары, аудармашы, Қазақстан СІМ қызметкері қатысқан. "Процесс аяқталғанда сот сотталушының тарапының өтініші бойынша дәлелдерді зерттеу үшін отырысты белгіленбеген уақытқа шегерді. Дәлелдемелерді зерттеудің қорытындысы бойынша, үкім де шығарылуы мүмкін", - деп хабарлады Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін, оны біреулердің беріп жібергенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.75  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer