08 сәуір 2016 | 15:47

Зағипа Бәлиева әжетханаға тасталған сәбидің оқиғасына қатысты пікір айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Зағипа Балиева. © Тұрар Қазанғапов Зағипа Балиева. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева Жамбыл облысында әжетханаға тасталған қыз балаға қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева Жамбыл облысында әжетханаға тасталған қыз балаға қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кез келген ана, Қазақстанның кез келген азаматы ретінде мен мұндай әрекеттерді айыптаймын. Сонымен қатар, ол қандай қиын жағдайда болмасын немесе ол сол сәтте ауру болмасын, сіздер бұл қылықты ақтап шығатын бірде-бір адамды таппайсыздар", - деп өз пікірін айтты Зағипа Бәлиева және ол қыздың анасына қатысты жазаны соттың шығаруы тиіс екенін атап өтті.

"Бұл әрекеттерді ақтауға болмайды. Ол баланың болашағы туралы ойланып көрейікші. Біз ол бала туралы қазір көп айта берген сайын, өздеріңіз білесіздер, бала өсіп келеді, оның болашағы бар, алдағы уақытта қыздың тағдырына бұл жағдай әсер етпеуі үшін, біз өнегелілік танытып, бірге ойлану керекпіз. Ол бүкіл қоғамның өнегесіне байланысты. Мен қазір сол қыз жөнінде ойланатын боламын", - деді Зағипа Бәлиева.

Еске сала кетейік, биыл наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Бүгінгі таңда Бәлиева мен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный ынтымақтастық жөнінде өтінішке қол қойды.

"Мен бұл қызметке тағайындалдым, бүгіннен бастап біздің кеңсе ресми түрде жұмысын бастайды. Еліміздегі балалардың құқығын қорғауға қатысты барлық сұрақтарды біз бүкіл мемлекеттік органдармен бірлесіп қарап, сәтті шешетін боламыз. (...) Менің міндетім: барлық балалардың омбудсмендерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, олардың проблемаларын тыңдау, туындаған проблемаларға қатысты шешімдерге көмектесу және проблемалар ғана емес - балаларда да мәселе бар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда. Мемлекеттің міндеті - сол мәселелерді шешу және мен омбудсмен ретінде мемлекеттік органдармен бірге сол мәселелерді шешемін және қажет болған жағдайда баланың құқығын қорғау үшін қарсы тұратын боламын", - деп мәлімдеді Зағипа Бәлиева журналистерге.

Ол сонымен қатар, таяуда сенім телефонының ашылатынын айтты, ал әлеуметтік желілерде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдіктің парақшасы пайда болады, ол сол жерде барлық сұрақтарға жауап беруге ниетті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.75  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer