11 сәуір 2016 | 17:32

Павлодар полицейлері Ақсуда болған жаппай төбелестің мән-жайын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Pavlodarnews.kz © Pavlodarnews.kz

Павлодар облысының полицейлері Ақсу қаласында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, төбелес салдарынан бір адам қаза тапқан болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының полицейлері Ақсу қаласында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, төбелес салдарынан бір адам қаза тапқан болатын.

"10 сәуірге қараған түні Ақсу қаласындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 20-25 жас аралығындағы жастар арасында жанжал шығады. Кейін олар далаға шығып, жанжалды жалғастырған. Оның соңы төбелеске ұласады. Төбелеске қатысушылардың бірі аң аулайтын мылтықтан оқ атып, салдарынан 19 жастағы жігіт жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Сонымен қатар, 24 жастағы тағы бір адам ауруханаға жеткізілді", - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлердің мәліметінше, осы дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр. "Кісі өліміне барды деген күдікпен Ақсу қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленіп, заттай айғақтардың қатарына тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары кезінде анықталады", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері. Төбелеске қатысқандардың аты-жөні толықтай анықталды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer