Рудныйда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды © yk.kz

Рудныйда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Alau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Alau.kz.

Биыл 9 сәуірде қалалық ішкі істер басқармасына 42 жастағы әйел хабарласып, өлі сәбидің табылғанын айтқан. Ол "Рудный-Абат-2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі полигонда жұмыс істейді екен. Баланың денесі осы полигоннан табылған. Бұл туралы басылым тілшілеріне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлаған. 

"Қазіргі уақытта табылған бала жайлы және оның ата-анасы туралы кез келген ақпарат керек. Осы дерек бойынша Рудный қалалық ішкі істер басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада. 

Оқиға жайлы мәлімет барлардан мына номерлер бойынша хабарласу сұралды: 102 немесе (8-714-31) 3-30-20, немесе (8-7142) 52-60-21. Рудный ІІБ өкілдері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети