13 сәуір 2016 | 11:26

Мәжілісмендер граната жарылған кезде сарбазды денесімен жапқан полковникті марапаттауды сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қайрат Үмбетов Қайрат Үмбетов

Мәжілісмен Бақытжан Ертаев оқу-жаттығу орталығында граната жарылу кезінде сарбазды денесімен жапқан полковник Қайрат Үмбетовті мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы өтінішке қолдау білдіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеңейтілген отырыс кезінде ол Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сөз арнады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісмен Бақытжан Ертаев оқу-жаттығу орталығында граната жарылу кезінде сарбазды денесімен жапқан полковник Қайрат Үмбетовті мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы өтінішке қолдау білдіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеңейтілген отырыс кезінде ол Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сөз арнады.

"(...) Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның жеке құрамы қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Биыл 7 сәуірде ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығында жедел қызметтің жеке құрамымен граната лақтырып үйрену сабағы кезінде штаб басшысы, полковник Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас сарбазды денесімен жауып, құтқарып қалды. Жедел қызметтің сарбазы Сұлтанқұлов РГД-5 гранатасын лақтырған кезде күштің жетіспеушілігінен ол төмен қарай құлаған", - деді Ертаев өтінімді оқи отырып.

"(...) Осындай қиын жағдайда Үмбетов тез шешім қабылдап, сарбазды құтқаруға бел буады. Үмбетовтің ерлігі өз қызметін адалдықпен орындауда көпке үлгі болады деп ойлаймын. Ұлттық ұлан қолбасшылығы полковникті мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы өтініш жолдады. Мен оларды қолдаймын. (...)  Сіздерден де Ұлттық ұланның Үмбетовті мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы Мемлекет басшысына жолдаған өтінішін қолдауларыңызды сұраймын", - деді ол.

Еске салайық, оқиға 7 сәуірде сағат 11.00 шамасында Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының оқу орталығында болған еді. Кейін Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан Қайрат Үмбетов нағыз офицердің әрекеті екенін айтқан еді. "Бұл қарапайым күн болды. Мен кез келген офицер баруы тиіс болған әрекет жасадым. Өзімді батырмын деп есептемеймін. 21 жылдан бері қызмет етіп келемін, қазіргі қызметіме 1 жыл бұрын келдім. Бүгінгі жағдай қателік емес, бұл кез келген адамның басында болуы мүмкін. Сарбаз барлығын дұрыс жасады. Бұған дейін олар оқу гранаттарымен жұмыс істеген болатын, ал жауынгерлік гранатаны қолыңа алған кезде бәрі басқаша", - деді Үмбетов брифингте.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer