13 сәуір 2016 | 18:28

Түркиялық компаниялар "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға қатыса алады - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Түркияға сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Ердоғанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркияға сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Ердоғанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған кездесуде Түркия президентінің Қазақстанға былтыр сәуірдегі сапарында қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Сондай-ақ екі ел көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл бағыттарда бірлескен перспективалы жобалар бар екені, оларды жүзеге асыруға екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алатыны айтылды.  

"Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен терроризмге және экстремизмге қарсы күрес аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті биыл наурыз айында Анкарада болған террорлық актіге байланысты Реджеп Ердоғанға тағы да көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Екіжақты қарым-қатынас мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы Түркияның жетекші компаниялары мен холдингтерінің мемлекетіміз тарапынан елеулі қаражат бөлініп отырған индустриялық-инновациялық даму және "Нұрлы жол" бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатыса алатынына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тауар айналымын, соның ішінде Түркиямен арадағы тауар айналымы көлемін арттыру үшін еліміздің  алдынан зор мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.   

Қазақстан Президенті біздің республикамыздың транзиттік-көліктік әлеуеті жоғары екенін, оны екі ел экономикасының игілігіне тиімді пайдалануға болатынын атап өтті.

"Сонымен қатар Мемлекет басшысы Антальяда "ЭКСПО-2016" және Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу тұрғысынан Қазақстан мен Түркияның тәжірибе алмасуы маңызды екеніне назар аударды", - делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.

Реджеп Ердоған бірқатар бағыттар бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer