18 сәуір 2016 | 12:42

Біздің қоғамда "қарындар" сәнге айналды - мәжілісмен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен үкімет сағаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен үкімет сағаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аманжан Жамалов спортпен шұғылдануды насихаттау бойынша ведомствода қандай шаралардың жүзеге асырылып жатқанын сұрады. 

"Бүгінде өлім деңгейінің өсуіне әсер етіп отырған негізгі фактор - қан айналымына байланысты аурулар. Қозғалмайтын өмір салтынан. Айта кетейін, дәрігерлер мен педагогтар қанша тырысса да бізге денсаулығымыздың жақсы болуына кепілдік бере алмайды. Біз үшін ешкім жаттығу жасамайды, артық бутербродтардан ешкім бас тарта алмайды. Денсаулық жақсы болуы үшін өзің тырысуың керек. Қуатты жарнама кампаниясы қажет. Біз осы "өнімді" сату үшін үздік маркетологтарды тартуымыз керек. Батыстағыдай, онда егер сенің денсаулығың жақсы әрі семіз болмасаң сәтті адам болып саналасың. Біздің қоғамда әзірше қарындар сәнге айналған. Меморгандар қандай шараларды жүзеге асырып жатыр?", - деп сұрады Жамалов.

Мұхамедиұлы Қазақстанда мамандандырылған спорт арнасының бар екенін атап өтті. 

"Белгілі бір жетістіктерді насихаттау қажет. (...) Бірнеше құқықтық актіден гөрі бір адамның қолынан көп іс келеді. Олимпиада чемпиондары, жарқын тұлғалар көп болған сайын халқымыз спортқа жақын бола түседі. (...)", - деді ол.

Министр Солтүстік Қазақстанда іс-шаралар өтіп жатса, оған Александр Винокуровтың шақырылатынын мысалға келтірді.

Өз баяндамасында ол бүгінде мектептерде 38 мың спорт секциясының жұмыс істейтінін, онда жалпы оқушылардың 27 пайызының жаттығатынын атап өтті.

"Алайда барлық мектепте, әсіресе ауылдық жерлердегі мектептерде, өздеріңіз жақсы білетіндей, спорт залдары мен инветарьлардың жоқтығына байланысты жеткіліксіз. Қиындықтарға қарамастан, біз бен Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдердің арасында волейбол, баскетбол, мини-футбол сияқты танымал спорт түрлерінен мектеп лигалары аясындағы спортты дамыту бойынша шараларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer