18 сәуір 2016 | 16:28

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: BMW жүргізушісі қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматы қаласында екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша күдікті, қалалық ІІД мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы Санат Жанатбеков екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Қаулыны Алматының Жетісу аудандық №2 соты шығарды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша күдікті, қалалық ІІД мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы Санат Жанатбеков екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Қаулыны Алматының Жетісу аудандық №2 соты шығарды.

Жанатбековке ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша күдіктің келіп отырғаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Жанатбеков BMW 525 маркалы автокөлігін Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытқа қарай жүргізіп келе жатып, Жангелдин пен Сидоркин көшелерінің қиылысында қоғамдық көлікке арналған жолақпен қарсы бағытқа шығып, Daewoo Matiz маркалы көлікпен соқтығысқан. Daewoo Matiz бұл кезде Сидоркин көшесінің бойымен солға қарай бұрылып жатыпты. "BMW 525 маркалы көлік соққы әсерінен қиылыстың бұрышына ұшып кеткен, сөйтіп, екі жаяу адамды қаққан. Кейін BMW 525 тоқтап тұрған Volkswagen Sharan және Toyota Land Cruiser көліктеріне барып соғысқан", - деп хабарлады соттағылар.

Сонымен қатар, BMW 525 жолаушысының да жарақат алғаны айтылады. Мұнымен бірге, Matiz маркалы көліктің соққы әсерінен Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан Subaru Legacy көлігімен соқтығысқаны айтылады.

Осыған дейін сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша BMW жүргізушісінің мас болмағаны хабарланған болатын. Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде Алматыдағы Жангелдин көшесінің бойында болды. Екі адам қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer