19 сәуір 2016 | 17:44

Ақмола облысында түзету мекемесінің қызметкерлері үш сотталушыны резеңке таяқпен ұрып өлтірген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақмола облысында түзету мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарды азаптайтыны белгілі болды. Мысалы, былтыр мекеме қызметкерлері сотталушылардың бірін резеңке таяқпен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында түзету мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарды азаптайтыны белгілі болды. Мысалы, былтыр мекеме қызметкерлері сотталушылардың бірін резеңке таяқпен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Степной ауылындағы ЕЦ-166/25 мекемесінде азаптау салдарынан болған 3 өлім дерегі тіркелген. Солардың бірі бойынша мекеменің 4 қызметкеріне айып тағылыпты.

"2015 жылдың 23 маусымында Степной ауылындағы мекемеге 20 сотталушы жөнелтілді. Оның ішінде 1987 жылғы Нұрсұлтан Жақыпбеков те бар. Түзету мекемесіне келгеннен кейін олар карантин бөлмесіне 15 тәулікке орналастырылған. 24 маусымда Жақыпбеков шаршағанын айтып, әскери дайындықтан бас тартады. Мекеме әкімшілігі басқаларға үлгі көрсету мақсатында оны жазалап, резеңке таяқпен ұрған. Кейін олар Жақыпбековтың киімдерін, ішкі киімін шешіп, ұруды жалғастырады. Салдарынан 2015 жылдың 26 маусымында ол қайтыс болды", - деді прокуратура қызметкерлері.

Ақмола облысындағы түзету мекемесінде болған өлім дерегі бойынша тағы 2 іс сотқа дейінгі тергеудің өндірісінде. "Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, қайтыс болған сотталушылардың үшеуі де түзету мекемесіне түскен күні соққыға жығылған", - деді прокуратура өкілдері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer