21 сәуір 2016 | 09:15

Қарағанды әкімінің және оның қоластындағылардың табысы мен мүліктері жария болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© itsyoutube.com © itsyoutube.com

Қарағанды әкімдігінің ресми сайтында аппараттың және қаланың мемлекеттік мекемелерінің бірінші жетекшілерінің табыстары мен мүліктері жайлы мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл мәліметтер Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Антикоррупциялық стратегиясын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметкерлерге деген қоғамдық сенімді арттыру мақсатында жария болып отыр. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды әкімдігінің ресми сайтында аппараттың және қаланың мемлекеттік мекемелерінің бірінші жетекшілерінің табыстары мен мүліктері жайлы мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл мәліметтер Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Антикоррупциялық стратегиясын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметкерлерге деген қоғамдық сенімді арттыру мақсатында жария болып отыр. 

Әкімдік сайтындағы мәліметтерге қарағанда, қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің өткен жылдағы табысы - 7,646 миллион теңге. Болжам бойынша Қарағанды әкімі орташа алғанда ай сайын шамамен 630 мың теңге жалақы алады.

Сонымен қатар, Қарағанды әкімдігінің мәліметінше, қала басшысының атында 0,1 гектар жер телімі тіркелген. Ал оның жұбайының атында бір бөлмелі, екі бөлмелі және төрт бөлмелі пәтерлер тіркеліпті. Ал әкімнің әйелінің жеке табыс көзі жоқ, себебі кестедегі бұл тармақ бос қалған.

Ал Әубәкіровтің төрт орынбасарының табысы 3,1 миллион теңгеден 3,5 миллион теңгеге дейінгі аралықта. Олардың екеуінің атында үш бөлмелі пәтерлер бар да, қалғандарында автомобиль мен Балқаш қаласында гараж бар екен.  

Ең аз жалақы "Қарағандының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Сыбыржан Дәуітбергеновте тіркеліпті - ол 1, 237 миллион теңге табыс көрген. Оның атында бірде-бір жылжымайтын мүлік жоқ. Сонымен қатар, Қарағандының жалақыдан басқа байлығы жоқ ең "кедей" делінген шенеуніктерінің қатарында ішкі саясат бөлімдерінің, экономика және қаржы, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жетекшілері, мемлекеттік активтер мен сатып алулар және құрылыс жетекшілері, сонымен қатар, тұрғын үй және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары тұр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer