22 сәуір 2016 | 10:58

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Uralskweek.kz © Uralskweek.kz

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның 10 медициналық колледжі, оның ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Бұл оқу орындарында фин сарапшыларының қатысуымен әзірленген "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмекші", - делінген министрлік хабарламасында.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталдық тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында (Астана қаласының медициналық колледжі, Көкшетау медициналық колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін дайындау мен қайта даярлау колледжі, Батыс Қазақстан медициналық колледжі) бастаған болатын.

"Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сәйкес дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. Оның ішінде оқу сағаттарының 60-70 пайыздан кем емес (оқу мерзімі 3,5 жыл) көлемінде білікті тәлімгердің басшылығымен емханалық базада өндірістік тәжірибені жүзеге асыру да бар. Бұл  бағдарлама ЕуроОдақ елдерінде кеңінен таралған, сонымен қатар, практикалық әзірлігі басым жоғары білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған", - деді министрлік өкілдері.

Нәтижесінде "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сияқты мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шығады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer