24 сәуір 2016 | 17:07

Атырау облысының әкімі жиналғандардың алдында сөз сөйледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев алаңға жиналғандардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев алаңға жиналғандардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 24 сәуірде Атырау орталығындағы халық Исатай мен Махамбет атындағы алаңға Жер кодексіндегі нормаға наразылық білдіру үшін жиналды. 

Ресми мәліметтер бойынша, Атырау қаласының орталығында 650-700 шамасында адам жиналып, Жер кодексіндегі нормаларға деген наразылығын білдірді. 

Шеруге қатысушыларға Жер кодексіндегі нормалар түсіндірілді, сонымен қатар, ұсыныстарды жазбаша түрде жолдау ұсынылды. "Тыныштықты сақтайық, жағдайды ушықтырмайық. Ұсыныстарыңызды қағазбен жолдаңыздар. Біз шұғыл түрде оларды қарап, қажет болса жоғарыдағы органдарға жеткіземіз", - деді Атырау облысының әкімі Ноғаев.

Жиналғандар бұл ұсынысты қабыл алды. 

Әкімнің баспасөз қызметіндегілер қоғам белсенділерінің 10 күн бұрын Атырау әкімдігіне Исатай мен Махамбет атындағы шеруге шығуға өтініш бергенін айтты. Алайда орталық алаң мұндай іс-шаралар ұйымдастыратын жер болмағандықтан, рұқсат берілмеген.

Осыған дейін Tengrinews.kz 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерінің аукцион арқылы жалға алынатынын хабарлаған болатын. Бұл жаңалық қоғамда қызу талқыға түсті, себебі көпшілік жерді шетел азаматтары алып алады деген болжамдар айтылды. Алайда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері мұндай жолмен тек Қазақстан азаматтары ала алады деп түсіндірді, ал шетелдіктер ең көбі 25 жылға жалға алады деп анықтады. 

"Біздің азаматтарымыз "қалталы шетелдіктер бар жерді сатып алып қоймай ма?" деген сұрақ қояды. Қазақстанның бірде-бір миллиметр жері, бірде-бір сантиметр жері шетелдікке сатылмайды. Қазақстанның заңнама актілері оған ондай құқық бермейді. Мұндай жағдай жоқ, болмайды да", - деп қадап айтқан еді ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer