27 сәуір 2016 | 09:31

Семейде 9 мамырға арнап ілінген баннер ардагерлердің ызасын келтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "KTK" © "KTK"

Семейде 9 Мамырға арналған әлеуметтік жарнама қала тұрғындары мен ардагерлердің ызасын келтірді. Тұрғындар баннердегі "Аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз" деген сөйлемді дөрекі қолданылған деп есептейді, - деп хабарлайды КТК.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Семейде 9 Мамырға арналған әлеуметтік жарнама қала тұрғындары мен ардагерлердің ызасын келтірді. Тұрғындар баннердегі "Аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз" деген сөйлемді дөрекі қолданылған деп есептейді, - деп хабарлайды КТК.

Телеарнаның мәліметінше, баннер қала орталығында осыдан екі күн бұрын орнатылған екен. Ол Интернетте де қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны надандық десе, енді бірі ардагерлерді мазақ қылу деп топшылаған. Тіпті "экономикалық дағдарысты жеңу үшін кіммен соғысу керек?" деген мысқыл сұрақтар да қойылыпты.

Әсіресе, соғыс ардагерлері сұрапыл жылдарды дағдарыспен салыстырғандарға реніштерін білдіріп отыр. "Мынаны жасаған адам сауатсыз. Ол соғыста болған жоқ. Сондықтан онда төгілген қанды білмейді. Оған әкеп дағдарысты теңеп отыр. Ал бұл экономикалық жағдайда ешкім бір-бірін атпайды ғой. Асыра сілтеп жазбас бұрын ойлану керек", - деді соғыс ардагері Петр Коломен.

Ал жарнаманы ілген агенттіктің директоры Владислав Приведенныйдың айтуынша, олар баннер арқылы соғыс жылдарындағы ерлікті жұрттың есіне салмақ болған. "Басты мақсатымыз халықтың назарын аудару еді. Ата-әжелеріміздің ерлігін еш нәрсемен салыстыруға келмейтінін осылай жеткізбек болдық. Бірақ оны дұрыс түсінбеді", - деді ол.

Бір қызығы, неше күннен бері жұрт жұмылып сынаған баннерге қалалық әкімдік тапсырыс та, рұқсат та бермеген. Оның идеясынан бұрын, тілге қатысты заңдылық та сақталмапты. Енді саясат бөліміндегілер "орысша баннерге тілдерді дамыту бөлімі шара қолданады" деп отыр.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer