Екібастұзға жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзға жаңа әкім тағайындалды © News.allinfo.kz

Екібастұзда қала әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәслихат депуттатары Қайрат Нүкеновтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.


Екібастұзда қала әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәслихат депуттатары Қайрат Нүкеновтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Ол бұл қызметке дейін Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарған. Айта кетейік, 2010 жылдан бері Екібастұз қаласын Александр Федорович Вербняк басқарып келген еді.

Қайрат Теміршотұлы 1970 жылы 15 қыркүйекте Павлодар облысы Железинск ауданының Захаров ауылында дүниеге келген. Сібір мемлекеттік жол-көлік академиясын, П.А. Столыпин атындағы Ом мемлекеттік аграрлық университетін оқып бітірген, экономист және ғалым-агроном мамандықтарына ие.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети