Түріктің 44 жастағы танымал әншісі Таркан үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түріктің 44 жастағы танымал әншісі Таркан үйленді © DHA photo

Түріктің танымал әншісі Таркан өзінің тыңдарманына үйленді, - деп хабарлайды Daily Sabah.


Түріктің танымал әншісі Таркан өзінің тыңдарманына үйленді, - деп хабарлайды Daily Sabah.

43 жастағы Таркан мен 30 жастағы Пынар Дилектің неке қию рәсімі әншінің Ыстамбұл қаласындағы үйіндегі бақта болды. Басылымның мәліметінше, жұптың көңіл қосқанына бес жыл болыпты. Музыкант та, қыз да Германияда дүниеге келген. 

Joinfo.ua басылымының мәліметінше, мұсылман дәстүрі бойынша неке қию рәсімі болып өткен. Ал салтанатты той құдалық, беташар, келісім, урс, валима (той) және неке түні деген кезеңдермен болған. 

 
© joinfo.ua

Айта кетейік, Таркан шетел тілінде бірде-бір ән айтпай Еуропада атақты болған жалғыз түрік әншісі. Өз елінде оны "Поп-музыка ханзадасы" деп те атап кетіпті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети