Алматыда ер адам кішкентай қызды ұрлайтынын айтып, 3 миллион теңге талап еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам кішкентай қызды ұрлайтынын айтып, 3 миллион теңге талап еткен © Diapazon.kz

Алматыда 3 жастағы баланы ұрлап кететінін айтып, жергілікті тұрғыннан 3 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 3 жастағы баланы ұрлап кететінін айтып, жергілікті тұрғыннан 3 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, жәбірленуші Алматыдағы базарлардың бірінде ревизор болып жұмыс істейді. 50 жастағы әйелге танысы хабарласып, 3 жастағы қызын ұрлап кететінін айтқан. Ол әйелден қомақты қаражат талап етеді. Ер адам әйелдің өзі сұраған ақшаны беретініне күмәнданбаған.

"Дегенмен жәбірленуші полицияға хабарласты - ол дұрыс шешім қабылдады. ҰҚКБ қызметкерлері күдіктіні ұстау мақсатында кездесетін жерді анықтап, арнайы шаралар жүргізді. Жоспарды "Арлан" сарбаздары сағат 23.00-де жүзеге асырды", - деді ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Нәтижесінде күдікті құрықталды. Полицейлердің мәліметінше, осы дерекке сәйкес қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети