08 мамыр 2016 | 09:50

Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі 10 мамыр күні Алматыда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Сыздықов. © Данил Олейник Болат Сыздықов. © Данил Олейник

Әйгілі музыкант, "Мюзикола" тобының солисі Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі 10 мамыр күні сағат 11.00-де Алматыда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әйгілі музыкант, "Мюзикола" тобының солисі Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі 10 мамыр күні сағат 11.00-де Алматыда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болат Сыздықов 7 мамыр күні дүниеден озған болатын. Оның өліміне қанның ұюы себеп болған.

Белгілі қазақстандық гитарашы, композитор және "Мюзикола" тобының аранжирлеушісі, "А’Студио" тобының бұрынғы мүшесі Болат Сыздықов Қарағандыда 1956 жылы 21 маусымда дүниеге келген. Бала кезінен музыкамен айналысқан, атақты оқытушы Александр Мажелянның джаз гитарасы курсын бітірген. 16 жасында Болат Қарағандыдағы филармонияға жеке ән орындаушысы болып қабылданады, сонымен қатар "Гәкку" ансамблінің құрамымен гастрольдік сапарларда жүрді.

1976 жылы Болат Республикалық "Гүлдер "жастар ансамблінің шақыртуымен Алматыға келеді. Болат атақты Роза Рымбаева жеке орындаушы болған "Арай" тобының гитарисі болады. 90-жылдардың басында "Арай" тобының музыканттары Роза Рымбаевадан бөлініп кетіп, "Алма-Ата" атауымен жаңа топ құрады. Топ мүшелерінің арасында Болат та болған. Мәскеуге бара салып, жаңа топ танымал болады. Нәтижесінде "Алма-Ата" тобының атауы "А`Студио" болып өзгереді. 1992 жылы Болат Сыздықов өзінің жеке жаңа музыкалық жобасын ашпақ болады. Ол әнші Карина Абдуллинамен танысып, кейіннен олар бірге "Мюзикола" тобын құрады. Қазақстан Президентінің жарлығымен 2012 жылдың 5 желтоқсанында Болат Сыздықовқа Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети