Сауль Альварес Әмір Ханды нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес Әмір Ханды нокаутқа түсірді © Newsday.com

Лас-Вегаста WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес пен ұлыбританиялық боксшы Әмір Хан арасындағы жекпе-жек аяқталды. Альварес алтыншы раундта Ханды нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, жылдамдығы мен қозғалыстарының арқасында Хан Альварестен басым түскен. Ал мексикалық спортшы соққыны өте сирек жасағанымен, оны дөп тигізе білді. Алтыншы раундта Альварес Ханды нокаутқа түсіріп, WBC чемпионы титулын қорғап қалды.

Айта кетейік, бұған дейін осы жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесетіні хабарланған еді. Екі боксшының өзара келісімге келуіне 15 күн уақыт берілді, олай болмаған жағдайда чемпиондық титул Головкинге беріледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети