Мысырлық лайнердің пилоттары рейс кезінде ұйықтап кеткен - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырлық лайнердің пилоттары рейс кезінде ұйықтап кеткен - БАҚ © Ryazan-gorod.ru

EgyptAir әуе компаниясының жолаушылар ұшағының пилоттары рейс кезінде штурвалда ұйықтап кеткен, - деп хабарлайды Life басылымы грек БАҚ-тарына сілтеме жасап. Оқиғаның Франциядан Кувейтке бағыт алған ұшақтың радарлардан жоғалғанынан кейін 15 сағат өткенде болғаны айтылып отыр.

Порталдың мәліметінше, Франциядан Кувейтке бағыт алған Boeing 737 экипажы Италия мен Грекиядағы диспетчерлердің дабылына жауап бермеген. Теракт болады деген қауіптен дабылмен Крит аралындағы базадан екі F-16 жйоғыш ұшағы әуеге көтерілді. 

Ал рейс жолаушылары әуеден жойғыш ұшақтарды көрген кезде, стюардтар кабинаға барып, пилоттардың жағдайын сұрағысы келген. Сөйтсе, екі пилот та ұйықтап қалған, ал ұшақ автопилотпен рейс жүргізіп жатқан. Шетелдік БАҚ-тардың мәліметінше, ұшақ бортында 140 жолаушы болыпты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course down  579.71  course down  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети