Қарағандылық оқушылардың ата-аналары сабақта сексуалдық мәндегі сұрақтың қойылуына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық оқушылардың ата-аналары сабақта сексуалдық мәндегі сұрақтың қойылуына наразы © Тұрар Қазанғапов

Қарағандылық мектеп оқушыларының ата-аналары сабақ барысында балаларға сексуалық мәндегі жұмбақтың қойылуына наразы. "Новый вестник" басылымының мәліметінше, Facebook қолданушылары 38-ші гимназия директорының атына жазылған арыздың суретін жариялап жатыр.

Мәтінде оқиғаның 26 сәуір күні бейнелеу өнері сабағында болғаны айтылады. Мұғалім балаларға мынадай жұмбақ қойған: "Әуе апатына ұшыраған әкесі мен 2 айлық бала қалай тірі қалған?". Ата-аналардың айтуынша, жауаптардың ішінде "Әкесі баласын шәуетімен тамақтандырған!" деген жауап болыпты. Жауапты түсінбеген балаларды мұғалім шақырып алып, өз сөзін түсіндіріп беріпті.

© Nv.kz

Оқушылардың ата-аналары мұғалімді жұмыстан шығаруды талап еткен. Басылымның мәліметінше, мектепте қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, мұғалімнен түсініктеме жазу талап етіліпті. Дегенмен ол бұдан бас тартқан. Мұғалім мұның өзіне жабылған жала екенін айтып, жұмыстан өз еркімен шығып кетіпті. Оқытушының 50 жылдан аса еңбек өтілі бар екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети