WBA президенті Головкинге күзде қарсылас болуы мүмкін боксшыларды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA президенті Головкинге күзде қарсылас болуы мүмкін боксшыларды атады Геннадий Головкин

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) басшысы Жилберто Хесус Мендоса WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинмен қыркүйек айында кездесуі мүмкін боксшылардың есімін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мендосаның айтуынша, қазақстандық боксшы америкалық Дэниел Джейкобспен жылдың соңында кездесуі керек. Оған дейін екеуіне де бір-бір жекпе-жектен өткізуге рұқсат етіліпті. Сонымен қатар, Жилберто Хесус Мендоса Головкиннің командасы Сауль Альвареспен келісімге келе алмаса, қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесетінін мәлімдеді.

"Даниел Джейкобстың командасы Серхио Морамен кездесу ұйымдастырғысы келетінін айтты, ал Головкин Билли Джо Сондерспен келісімге келуге тырысып жатыр. Олар өзара кездесуді жылдың соңында өткізуге ниетті", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети