2017 жылдан бастап 54 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылдан бастап 54 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады © Skyview.kz

2017 жылға қарай Қазақстан 54 ел үшін визасыз режим орнатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылға қарай Қазақстан 54 ел үшін визасыз режим орнатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтті.

"(...) Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, биыл барлық өңірде инвесторларға бір терезе негізі бойынша қызмет көрсету секторлары ашылды. Инвестор тарту мәселесі бойынша аймақтық үкіметтік институттар құрылды. 2015 жылы Қазақстанға 35 елдің азаматтары визасыз кіре алса, 2017 жылдан бастап мұндай елдердің саны 54-ке жетеді", - деді Президент жиын барысында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы келесі отырысқа тақырыптар ұсынды.

"Қазақстан үшін алдағы онжылдықтағы негізгі міндеттердің бірі - дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретін экономикалық дамудың жаңа моделін ойластыру. Біз жүйелі шаралар қабылдауымыз қажет, қазір осымен айналысып жатырмыз. Мүмкін жеке секторда адам капиталын дамыту кезінде елдің артықшылықтарын барынша қолдану керек шығар. EXPO-2017 көрмесінің орнында болатын АХҚО мәселесін талқыладық, сонымен қатар, көрменің тақырыбы "Жаңа қуат" болғандықтан, келесі отырысты "Жаңа энергетика" деп атауды ұсынамын. Сонымен қатар, оны көрмені ашқан кезде дәл сол жерде көп ел өкілдерінің қатысуымен өткізейік. Егер сіздер қарсы болмасаңыздар, осы ұсынысты қабылдайық", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети