27 қазанға арналған ауа райы болжамы: қай өңірлерде жаңбыр жауады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 қазанға арналған ауа райы болжамы: қай өңірлерде жаңбыр жауады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" 27 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп мен жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" 27 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп мен жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысы: 27 қазанда облыстың солтүстігі, шығысы, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан; түнде оңтүстік-батыста екпіні 15–18 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы: түнде және таңертең батысы, солтүстігі, шығысында тұман түседі. оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі.

Ақтөбе облысы: оңтүстік-шығыс жел; күндіз батыс, оңтүстік, орталықта 15–18 м/с. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы, солтүстік-шығысы, орталығында төтенше өрт қаупі.

Алматы облысы: оңтүстік-батыс жел солтүстік-батысқа ауысады. Оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.

Атырау облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігі, шығысы және Атырауда төтенше, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі.

Шығыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады; түнде оңтүстік-шығыста 15–18 м/с.

Жамбыл облысы: солтүстік-батыс жел; таулы аудандарда 15–20 м/с. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығы, оңтүстігі және Таразда жоғары өрт қаупі.

Батыс Қазақстан облысы: батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан; күндіз шығысында 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысы: солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысында жоғары өрт қаупі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі.

Қызылорда облысы: төтенше өрт қаупі сақталады; солтүстігі, орталығы және Қызылордада жоғары өрт қаупі.

Маңғыстау облысы: түнде батысы, солтүстігі, шығысында найзағайлы қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан; батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с. Ақтауда түнде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысы: батысы, оңтүстігі, шығысында және Павлодарда тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Петропавлда тұман түседі.

Ұлытау облысы: облыс және Жезқазған бойынша жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі.

Астана: 27 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети