"2700 мектепте дәретхана болмады". Аймағамбетов мәселенің қалай шешілгенін айтты

Мұхтар Жәмішжанов
Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2700 мектепте дәретхана болмады". Аймағамбетов мәселенің қалай шешілгенін айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептеріндегі жылы дәретхана туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептеріндегі жылы дәретхана туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

"2 жыл бұрын елімізде 7500 мектеп бар болса, соның 2700-інде жылы дәретхана болмады. Бұл - шындық, бірақ кейінгі жылдары осы мәселені басты назарға алдық. Екі жыл ішінде 1600 дәретхана салынды. Қазір жұмысы бітпеген азын-аулақ дәретхана қалды", - дейді ол. 

Министрдің сөзінше, мектептердегі дәретхана мәселесін шешу оңай болмай тұр. 

"Бұл оңай мәселе емес екенін түсінуіміз керек. Неге десеңіздер, шалғайдағы елді мекендерде кәріз және су жүйесі болмаған. Одан бөлек, утилизация құрылғылары жоқ. Осындай бір-бірімен байланысты проблемалармен бетпе-бет келіп отырмыз. Әрине, қалада мұндай мәселе болмайды, болса да, оның жолын шешу қиын емес", - деп қосты Асхат Аймағамбетов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети