"Қазақстанды азат ету армиясы" деген ұйым жоқ - ҚР ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанды азат ету армиясы" деген ұйым жоқ - ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК "Қазақстанды азат ету армиясы" атты ұйымның жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК "Қазақстанды азат ету армиясы" атты ұйымның жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитеттің сайтында 6 маусым күні электронды ақпараттық ресурстарда Ақтөбедегі терактіні "Қазақстанды азат ету армиясы" деген ұйымның мойнына алғаны туралы хабардың тарағаны айтылады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. "Қазақстанды азат ету армиясы" деген ұйым жоқ. Осыған байланысты ҰҚК-нің баспасөз қызметі отандық БАҚ-тан осындай материалды жариялаған кезде ҰҚК-нің ресми пікіріне сүйенуді сұрайды. Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінің 242-бабы 3-тармағы бойынша, жалған ақпарат тарату жағдайында бес мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас  бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы кесіледі", - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін саясаттанушылар да Ақтөбедегі терактіні "Қазақстанды азат ету армиясы" деген ұйымның мойнына алғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтқан еді. 

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети