![Баян Есентаева. © Tengrinews.kz](/userdata/news_kk/2016/news_270576/thumb_b/photo_26914.jpg)
Танымал продюсер Баян Есентаева ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал продюсер Баян Есентаева ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жалғасы
"Науқас Баян Есентаева ауруханадан шығарылды. Ендігі емін үй жағдайында қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.
Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.