ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер Қырғызстан Республикасы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы Киров су қоймасында судың толып кетуі жөнінде пікір білдірді. Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер Қырғызстан Республикасы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы Киров су қоймасында судың толып кетуі жөнінде пікір білдірді. Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Киров су қоймасының толып кетуі туралы ақпарат расталмаған. Қазіргі уақытта Киров су қоймасында 532 миллион текше метр су бар. Ал су қоймасына 158 текше метр су келіп жатыр. Келіп жатқан судың 170 текше метрі секунд сайын ағылып жатыр, яғни қоймаға қанша су құйылып жатса, сонша су сыртқа кетіп жатыр. Сондықтан Киров су қоймасының суға толып кету қаупі жоқ. Тараз қаласының тұрғындарына да еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, Жамбыл облысының ТЖД диспетчер қызметі мен ҚР ІІМ ТЖК Орталық дағдарыс басқармасындағы жедел кезекшілер бұл жағдайды тәулік бойы бақылап отыр. Сонымен қатар "Қырғызстан Республикасының ТЖМ-мен және жедел кезекшілермен байланыстамыз", - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер.
Ведомствоның мәліметінше, Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы су басу жағдайлары Киров су қоймасындағы жағдайға қатысы жоқ. Оның себебі өңірде соңғы күндері жауған жауын-шашын екенін айтты.
Куәгерлер жолдаған сурет
Иманқұловтың айтуынша, қазіргі кезде Whatsapp мессенджерінде белгісіз біреулер Киров су қоймасында судың толып кеткені түсірілген фото мен видеожазбаларды таратып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар Талас өзенінде су деңгейінін өзгергенін хабарлап отыр. Қазақстандық ақпарат құралдары да жақында Тараз маңында орналасқан Киров су қоймасы суға толып кетсе, 150 мың адам қаза тауып, 44-ке жуық тұрғын үйдің қирауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. "Жалған ақпарат тарататын адамдар жауапқа тартылады. Қажетті шараларды қолданатын боламыз", - деді Руслан Иманқұлов.