Алматы-Қарағанды тас жолында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қарағанды тас жолында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты © 64.rodina.news

Алматы-Қарағанды тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін, 9 шілдеде болған.


Алматы-Қарағанды тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін, 9 шілдеде болған.

Оқиға Астана уақытымен 11.15-те Қарағандыдан 20 шақырым жерде Гүлшат ауылының маңында болды. Lexus көлігінің жүргізушісі дөңгелек жарылғаннан кейін тізгінге ие бола алмай қалып, жол шетіне шығып кеткен. Оқиға орнында көлік жүргізушісі мен бес жолаушы қаза тапты, олардың екеуі бала. Облыстық ІІД мәліметінше, қаза болғандар Алматыдан Астанаға бара жатқан.  

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети