Павлодарда немересі марқұм атасының медальдарын ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда немересі марқұм атасының медальдарын ұрлап кеткен © 360tv.ru

Павлодарда немересі марқұм атасының медальдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда немересі марқұм атасының медальдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД баспасөз өкілдерінің айтуынша, 84 жастағы зейнеткер оны тонап кеткені туралы полицияға хабарлаған. "Зейнеткер оның пәтерінен Ұлы Отан соғысына қатысқан марқұм күйеуінің Отан соғысындағы екінші дәрежелі орден мен 15 медальдың ұрланғаны туралы хабарлады", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Медальдармен бірге, зейнеткер 50 мың теңгесі жоқ екенін айтты. Жәбірленушінің айтуынша, ол күні үйге оның немересі күйеуімен бірге келген екен. Ал кейіннен ол ақша мен медальдардың жоғалғанын байқаған.

"Ұрланған орден мен медальдарды алған қыз ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті зейнеткердің 21 жастағы немересі болып шықты. Ұсталған қыз кінәсін мойындады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталған қыз өзінің бұл әрекетке ақша қажет болғандықтан барғанын түсіндірді. Айта кетейік, "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети