Астанадағы дөнер сататын дәмханада газ баллоны жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы дөнер сататын дәмханада газ баллоны жарылды © vk.com/v_astane

Астанадағы дөнер сататын орындардың бірінде газды баллон жарылып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы дөнер сататын орындардың бірінде газды баллон жарылып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға 15 шілдеде шамамен сағат 12.30-да Бөгенбай батыр көшесінде болған. "Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілердің бөлімшесі газды баллонның жарылып, кейіннен өрттің шыққанын анықтады. Өрт  "Дархан" дәмханасының маңына салынған дөнер сататын орыннан шыққан. Жалын 10 шаршы метр ауданды шарпыған", - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сағат 12.54-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге 7 дана техника мен жеке құрамнан 23 адам жұмылдырылған. Өрттің салдарынан 1994 жылы дүниеге келген аспаздың беті мен қолы күйіп, ауруханаға жеткізілді.

© vk.com/v_astane

"Құрметті тұрғындар! Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төндірмеңіздер", - деді құтқарушылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети