Ірі америкалық компания "Шымкент-Сити" құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі америкалық компания "Шымкент-Сити" құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Костанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан "Шымкент-Сити" ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.
Айта кетейік, АЕСОМ - сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156-орында тұр.
Сонымен қатар, АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі "Москва Ситиді" атап өтуге болады. Айта кетейік, Қазақстан АЕСОМ компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.