26 шілде 2016 | 11:21

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасаған адамның бұл іске неліктен барғаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасаған кінәлі адам, ақпан айында осы жерден жұмыстан шығарылған. Ол болжам бойынша Жапонияның төменгі палата спикеріне байланыссыз хаттар жіберген деп хабарлайды, - РИА Новости жергілікті БАҚ сілтемме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасаған кінәлі адам, ақпан айында осы жерден жұмыстан шығарылған. Ол болжам бойынша Жапонияның төменгі палата спикеріне байланыссыз хаттар жіберген деп хабарлайды, - РИА Новости жергілікті БАҚ сілтемме жасап.

Осыған дейін, ер адам Токионың батысындағы Сагамихара қаласында (Канагава перфектурасы) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мекемеге қарулы шабуыл жасалды. Полиция 19 адамның қаза тапқанын хабарлады, тағы 45-і жарақат алған. Оның мәліметінше, 45 адамның 20-сының жарақаты ауыр.

Шабуылдаған 26 жастағы ер адам кінәсін мойындап үлгеріпті. Ол түнгі 2.30-да шабуылдап жарты сағаттан кейін полицияға өзі келіп беріліпті. Ер адам құқық қорғау органдарына бұған дейін осы интернатта жұмыс істегенін айтқан. Оның бұл іске неліктен барғаны айтылмайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 26 жастағы Сатоси Уэмацу бұл интернаттан жарты жыл бұрын, ақпанда жұмыстан өз қалауымен шығып кетіпті. Ол интернатта 2012 жылдан бері, яғни үш жыл жұмыс істепті. Қазіргі уақытта оның жұмысы жоқ екен.

Оқиға орнында полиция бірінші қабаттан шағылған терезені және сырттан балғаны тапқан. Қылмыскер қарттар үйіне кірген уақытта, полицияға ғимаратта пышақпен жүрген белгісіз адамның жүргендігі туралы хабар жеткен. Уэмацу үйге өзі сындырған терезеден кірген болуы мүмкін. Қылмыс болған түні кезекшілікте сегіз қызметкер және бір күзетші болған.

"Осы жылдың ақпан айында, қылмыскер Сатоси Уемацуге ұқсайтын адам Палата басшысы Тадамори Оосиманың ресми резиденциясына келіп, оған хат беріп жіберген", - дейді жергілікті БАҚ. Полицияның мәліметі бойынша, хаттың мәтіні байланыссыз болған".

 

Қазіргі уақытта осы оқиғаның басты қылмыскерінің исламисттік топтармен қатысы бар жоғы туралы полициядан мәлімет түскен жоқ", - деді журналистерге жауап берген министрлер кабинетінің бас хатшысы Есхидэ Суга.


© REUTERS

Канагава провинциасының губернаторы Юдзи Куроива оқиға болған жерде шаралар қолданатынын және мұндай қайғылы жағдайдың қайталанбауына бар күшін салатындығын айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course up  546.67  course up  5.21  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro