Алматыда сот залынан қашқан қылмыскер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот залынан қашқан қылмыскер ұсталды © Тұрар Қазанғапов

Алматыда сот залынан қашып кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот залынан қашып кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті 29 шілдеде сағат 18.30-да қашып кеткен. Ол бүгін, 1 тамыз күні жұмысшылар елді мекенінде ұсталған. Операцияны ІІД-нің криминалдық полиция басшысы Жанболат Зиадин басқарды.

"Іс деретері бойынша Алматы ІІД-нде қызметтік тексеріс жүргізілуде, соның қорытындысы бойынша күдіктінің қашып кетуіне жол берген қызметкерлер жауапкершілікке тартылады, тіпті ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылуы мүмкін", - деді ІІД-дегілер.

Еске салайық, 1991 жылы туған Досмағамбетов ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынған. Күдікті сот ғимаратынан қашып кеткен. Ол сол жерге сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты бұлтартпау шараларын таңдауға жеткізілген. Осы азамат бұрындары да осындай қылмыстары үшін қылмыстық жазаға тартылған. Осыған дейін қашқынды іздестіруге полицияның жедел әрекет ету бөлімі жұмылдырылған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети