Атырауда шетелдік компанияның 15,5 миллион теңге қаражатын жымқырған есепші әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда шетелдік компанияның 15,5 миллион теңге қаражатын жымқырған есепші әйел сотталды © kerek-info.kz

Атырау қаласындағы шетелдік компанияның миллиондаған қаражатын жымқырды деп айыпталған есепшісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Сотталушы Шинибаева 2010 жылдан 2013 жылдар аралығында "CaspianContractorsTrust" ЖШС-де бас есепші қызметінде бола тұра, еңбекақыға және кәсіподақ арқылы материалдық көмек ретінде қаражат аударылды деп өзінің банкоматтық шотына заңсыз қаражат аударып отырған. Сөйтіп, ол ЖШС-тен үш жыл ішінде 15 541 423 теңге қаражатты жымқырған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Шинибаева өзіне тағылған айыпты мойындап, өкінетіндігін айтты. Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы мен прокурор арасында кінәні мойындау түріндегі процесстік келісім жасалды.

"Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Шинибаева Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" тармағымен (ескі редакцияда) кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы мен бухгалтерлік қызметімен айналысу құқығынан 2 жылға айыру белгіленді", - делінген хабарламада.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +26
Ақтау +23
Ақтөбе +27
Атырау +25
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +26
Петропавл +25
С
Семей +28
Т
Талдықорған +26
Тараз +35
Түркістан +24
О
Орал +21
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер