Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 339 теңгеге дейін нығайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 339 теңгеге дейін нығайды © Тұрар Қазанғапов

Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 339,67-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдындағы сессия 340,62 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.

Күндізгі сессияда бірінші келісім 341,2 теңгемен басталды. Осы көрсеткіш максималдық құны болып тіркелді. Ал минималдық құны 338,3 теңгеге тең болды. Сауда көлемі 62,15 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 338-341,2 теңге аралығында саудалап жатыр.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша 18 тамызда сағат 13.08-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 50,01 доллар болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети