19 тамыз 2016 | 14:03

Қостанайда ұры деп күдіктенген адамын балғамен ұрып өлтірген жігіт 10 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© top-news.kz © top-news.kz

Қостанайда өзінің затын ұрлады деп ойлап қалып, артынша өлтірген адам 10 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалды, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда өзінің затын ұрлады деп ойлап қалып, артынша өлтірген адам 10 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалды, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

Сот үкімін тыңдауға жәбірленуші жақтың және сотталушының туыстары келді. Олардың ешқайсысы көз жасын тыя алмады. Бүгін Қостанай облысында Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта 28 жастағы Руслан Утеновқа қатысты сот үкімі шықты. "Ол 39 жастағы Дмитрий Кащеевті өлтіргені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімі ("Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату - сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады") бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын қатаң режимдегі колонияда өтесін. Сотталушының жаза мерзімі оның ұсталған уақытынан, 24 ақпаннан бастап есептелсін, - деп оқыды судья үкімді. 

Утеновтың қорғаушысы Сәмет Саламатовтың айтуынша аппеляцияға берудің немесе жоғары инстанциядағы сотқа шағым түсірудің қажеттілігі жоқ, ештеңе өзгермейді. "Көптеген басылымның мәліметінше, Утеновтың әйелі -прокуратура қызметкері. Иә, ол құзырлы органдарда жұмыс істеген, қылмысқа еш қатысы жоқ. Оның әйелі прокуратурадан өз еркімен шығып кеткен. Оның әйелі бұл қылмыстан еш хабары болмаған, тек кісі өлтірген қаруды (балға) ғана білген. Утеновтың туыстары жәбірленуші жаққа материалдық залалдың орнын толтырып жатыр. Утеновтың өзі шын көңілден өкініш білдіріген. Біз сот шешімінің әртүрлі болатынына дайын болатынбыз, шамамен тоғыз жыл деп ойладық", - дейді қорғаушы. 

Еске салайық, белгісіз біреулер Утеновтің Пушкин көшесінің бойындағы жер теліміне заңсыз кіріп, 830 мың теңгенің құрылыс заттарын ұрлап кеткен. Ол өзінің көршісі Дмитрий Кащеевтен көріп, оған бірнеше рет қоңырау шалып, өзінің осы заттарды ұрлағанын мойындауын талап еткен. Осыдан кейін Кащеевтің жер телімін сатып жатқанын естіген Утенов сатып алушы ретінде қоңырау шалып, кездесу ұйымдастырған. Кездесуге ол балға алып келген. Ол Кащеевтен ұрлағанын мойындатып, ақша талап еткісі келген, алайда Кащеев өзінің бұған қатысы жоғын айтып, мойындамаған. Утенов өзі ұры деп таныған адамына алты рет басынан және денесінен балғамен соққы жасап, мерт қылған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer