Айнабұлақ ықшамауданында полицейлер көпқабатты үйді қоршауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айнабұлақ ықшамауданында полицейлер көпқабатты үйді қоршауға алды © vk.com/"Интересная Алма-Ата"

Алматыда "Айнабұлақ-4" ықшамауданының аумағы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Олар қоршауға алынған үйдің суреттерін Ғаламторға жүктеген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Айнабұлақ-4" ықшамауданының аумағы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Олар қоршауға алынған үйдің суреттерін Ғаламторға жүктеген. 

Мұндай шаралар күмәнді сөмке үшін жасалғаны анықталды.

"13.23 те 102 пультіне бір әйел адам хабарласып, үйдің жанында күмәнді сөмкенің жатқанын хабарлаған. Полиция келіп үйді қоршауға алып, сол жерлерді тексерді. Сөмкенің ішінен күмәнді ештеңе табылмады", - деді полициядағылар. 

Еске салайық, шілде айының ортасында Алматыда "Сары-Арқа" базарының аумағы осындай күмәнді сөмке үшін қоршауға алынған. Бұл оқиға Алтынсарин мен Қуанышбаев көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнына барлық дереу әрекет ету қызметтері жұмылдырылған, алайда сөмкенің ішінде қарапайым құралдар болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети