31 тамыз 2016 | 12:43

Тасмағамбетов Ольга Рыпаковаға "Парасат" орденін табыс етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 31 тамызда Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жеңіл атлетші, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Ольга Рыпаковаға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 31 тамызда Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жеңіл атлетші, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Ольга Рыпаковаға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Барша әскери қызметшілердің және жеке өзімнің атымнан барлық армияшы спортшылардың күш-жігерін атап өткім келеді. Және әрине, жеңіл атлетикада биік шыңды бағындырып, үшінші орынға қол жеткізген біздің Ольга Рыпакованы құттықтағым келіп отыр. Сөзсіз, барлық марапаттарыңыздың ішінде "қола" жүлдеңіздің алар орны айрықша. Елбасымыз - ҚР Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы атап өткендей, ол "алтын" жүлдеге әбден лайық, себебі, Лондон мен Рио Олимпиадалары арасында Ольга Рыпакова сымбаты мен спорттық қасиетін сақтай отырып, екі рет ана атанып үлгерді". Дәл Сіз секілді адамға қарап барша Қазақстанның жастары бой түзейді және Сіз арқылы нағыз армиялық спортты біле бастайды", - деді қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының атынан Иманғали Тасмағамбетов спортшыға "Парасат" орденін табыс етті. Одан басқа, Риода сәтті өнер көрсеткені үшін Ольга Рыпаковаға мерзімінен бұрын кезекті "майор" әскери атағы беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.

"Мен барша қазақстандықтарға, Нұрсұлтан Әбішұлына, Сізге, АОСК-ның барлық басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Баршаларыңыз маған жанкүйер болып, қолдау көрсеттіңіздер, көптеген ізгі тілектер айтылды. Қазақстан Республикасына және спортқа қызмет етемін! Мен әрі қарай да барлық әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, қазақстандық спорт пен қазақстандық армияның абыройын асқақтатқым келеді", - деп Ольга Рыпакова риясыз ризашылығын білдірді.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі Ольга Рыпакова Риода өткен Олимпиадада үш мәрте секіруде 14,74 метр нәтиже көрсетті. Бұл оның маусымдағы үздік жеке нәтижесі болды. Ольга Рыпакова қашықтыққа секіруде 2010 жылғы әлем чемпионы, үш мәрте секіру мен жетісайыста Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, Бангкокта (Таиланд) өткен үш мәрте секіруде 2007 жылғы Универсиада чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиададағы қола медаль ол үшін мансап жолындағы екінші олимпиадалық медаль болғанын айта кетейік. Лондонда өткен олимпиадада ол алтын медаль иегері атанған болатын.

Одан басқа, швейцариялық Лозанна қаласында өткен жеңіл атлетикадан "Гауһар одағы" халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды. Ольга Рыпакова ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында 2006 жылдан бастап қызмет етеді. Бұл уақыт аралығында ол Барыс орденімен, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл" медалімен, Қазақстан Республикасының "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағымен, сондай-ақ, "Дене шынықтыру, спорт пен туризмді дамытудағы еңбегі" құрмет белгісімен марапатталды.

Қорғаныс министрі дене даярлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігінің негізі болып табылатынын атап өтті. Сол үшін қазіргі кезде АОСК-да жауынгердің төзімділігін арттыратын барлық түрлер бойынша жаттықтыру шеберлігі бағдарламасын енгізу тетігі белсенді түрде әзірленуде. Бұл жеңілатлеттеріміз үшін ғана емес, сонымен бірге, жекпе-жекшілер, шаңғышылар, биатлонистер және өзгелер үшін айрықша тапсырма. Бүгінгі таңда клубтың командалық құрамы біршама кеңейтілді. Оның бағдарламасына күш жүктемесі, ерік пен шыдамдылықты қажет ететін кейбір ұлттық спорт түрлері (көкпар, аударыспақ) қосылды.

Ольга Рыпаковадан өзге, қазіргі Олимпиада ойындарында қазақстандық құраманың қүрамында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының тағы 9 спортшысы ұсынылды. Ол жеңілатлет қатардағы жауынгер Михаил Красилов, былғары қолғап шеберлері аға сержант Біржан Жақыпов, ефрейтор Қайрат Ерәлиев және ҚР ҚК-нің қызметкері Жәнібек Әлімханұлы, ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Юрий Юрков - оқ ату, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев - байдаркаларда есу, кіші сержант Ғалымжан Үсербаев - еркін күрес, ефрейтор Руслан Жапаров - таэквондо және ҚР ҚК-нің қызметкері Елена Потапенко - заманауи бессайыс.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer