Алматыда ер адамның денесі бөлшектелген пәтерден қара сөмке табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамның денесі бөлшектелген пәтерден қара сөмке табылды © Tengrinews.kz

Полицейлер қылмыс болды делінген жалдамалы пәтерден қара сөмкені шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, пәтерде ер адамның денесі жатқан. Сөмке қазіргі уақытта полицей көлігінде. Құқық қорғау органдары оқиға орнында жүр.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр. 
Сонымен қатар, көрші пәтерде тұратын әйел түнгі уақытта ешқандай айқайды естімегенін айтты. Ол пәтердің жалға берілетінін растады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети