Комментатор Головкин - Брук кездесуінің нақты қай уақытта өтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Комментатор Головкин - Брук кездесуінің нақты қай уақытта өтетінін айтты © Reuters/Peter Cziborra

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасындағы жекпе-жектің нақты қай уақытта өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Сонымен, кештің басты жекпе-жегі бүгін Лондон қаласының 20 мың орындық О2 аренасында Астана уақыты бойынша 3:30-ға белгіленген. Бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында ресейлік белгілі бокс шолушысы әрі журналист Григорий Стангрит жазба қалдырған.

"#GGGBrook кездесуі қашан басталатынын білгілеріңіз келе ме? НВО арнасынан бүгін Нью-Йорк уақыты бойынша 17:30-да басталады, Мәскеу уақытымен 0:30-да, Астана уақытымен 3:30-да", - деді Стангрит.

Еске салайық, Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Сонымен қатар, таяуда өткен салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық Геннадий Головкин Келл Бруктан жеңіл болып шықты. Жекпе-жекке дейін салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннің салмағы 158,9 фунтты (72 келі 158 грамм) құрады, ал оның қарсыласы ұлыбританиялық босшы Келл Бруктың салмағы - 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) болды. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +31
Ақтау +26
Ақтөбе +31
Атырау +37
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +29
П
Павлодар +33
Петропавл +27
С
Семей +30
Т
Талдықорған +34
Тараз +37
Түркістан +31
О
Орал +27
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер