19 қыркүйек 2016 | 12:55

Қарағанды облысында 9 жастағы баланың өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағанды облысында ер адам 9 жастағы баланы зорлап, кейін тұншықтырып, денесін балконға лақтырып жіберген. Полицейлер ер адамды оқиға орнында ұстады, қазір қылмыстық іс сотқа келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында ер адам 9 жастағы баланы зорлап, кейін тұншықтырып, денесін балконға лақтырып жіберген. Полицейлер ер адамды оқиға орнында ұстады, қазір қылмыстық іс сотқа келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, бұл оқиға 2016 жылдың 13 сәуірінде болған. 53 жастағы сотталушы күні бойы үйде жалғыз отырып, ішімдік ішкен. Кешке тағы бір бөтелке арақ алмақ болып дүкенге барған. Бірақ үйдің есігін жаппай кеткен екен. Содан дүкеннен қайтып келген бойда ол өзінің пәтерінде көрші үйде тұратын 9 жастағы баланы көреді. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, сотталушы көрші баланы ұстап алып, зорлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін ол оны тұншықтырған. Баланың мойнын екі қолымен ұстап алып, жібермей қойған. Бала тынышталған соң, 53 жастағы ер адам оның денесін балконға лақтырып жіберген.

Сол күні көрші үйде тұратын баланың ата-аналары баласын іздей бастайды. Содан олар полицейлерге хабар берген. 14 сәуірде учаскелік полицейлер сотталушының үйіне кіріп, балконға қарай өтпекші болады. Бірақ үй иесі оларға қайшымен бас салған екен. Алайда полицейлер оның қолындағы қайшыны алып қойған.

Айта кетейік, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сот алдына келеді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") мен ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айыпты деп танылды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer